Бүгін - Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - 24 сәуір - Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні.

Бұл күн Дүниежүзілік демократиялық жастар федерациясының шешімімен 1957 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Ондағы мақсат - жастар мәселелеріне бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың назарын аударту.

1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданғалы бері, 24 сәуір - отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде саналады.