Атаулы күн Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі. 2003 жылы дәл осы күні Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда 2003 жылы қарашаның 1-інде Бас Ассамблея қабылдаған Коррупцияға қарсы БҰҰ-ның Конвенциясы қол қою үшін ашылды. Құжат оған қол қойған мемлекеттерге пара, бюджеттік қаражат пен жемқорлық табыстарды кәдеге жарату қылмыс деп жариялауды міндеттейді. Конвенция барлық құрылымдары ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін жемқорлық жайлаған елдер үшін өте маңызды.
08:43, 09 Желтоқсан 2013
Бүгін - Халықаралық жемқорлықпен күрес күні
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықаралық жемқорлықпен күрес күні.