Бүгін - Халықтар қоныстануының дүниежүзілік күні

None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - 1989 жылы БҰҰ Даму бағдарламасының басқарушы кеңесі 11 шілдені Халықтар қоныстануының дүниежүзілік күні ретінде атап өтуді ұсынды.

Себебі 1987 жылы осы күні Жер шары халқының саны 5 млр. адамнан асып жығылды. Мереке 1990 жылдан бастап атап өтіледі.

БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, 2050 жылға қарай Ғаламшардағы халық саны 9 млрд.-тан астамды құрайды, оның 7,8 млрд.-ы дамушы елдерде тұратын болады (қазіргі уақытта 5,3 млрд.). Сондай-ақ еуропалық нәсілді тұрғындар саны азаяды, бұл туу көрсеткішінің төмендеуімен және ұлтаралық және нәсіларалық некелер санының артуымен байланысты болады.