Сол жылы 11 шілдеде БҰҰ демографтарының есебі бойынша жердің бес миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. 2001 жылғы мәлімет бойынша жер тұрғындары 1,1 млрд. адамға көбейген. БҰҰ сарапшыларының болжамдарына қарағанда, соңғы 45 жыл ішінде адам саны 9 миллиардқа дейін артуы мүмкін. Бірақ, дамыған мемлекеттердің тұрғындары көбеймейді, 1,2 млрд. деңгейде тұрақталады. 2050 жылы Германия, Италия, Жапония, Украина және Ресей сынды 50 мемлекет тұрғындарының саны 2005 жылға қарағанда төмен болады. БҰҰ баяндамасына қарағанда адамдардың орташа өмір сүру деңгейі 1950-1955 жылдары 46 жас болса, 2000-2005 жылдары 64 жас. Яғни, адамдардың өмір сүру деңгейі 18 жылға өскен. 2050 жылы орташа өмір сүру деңгейі - 75, ал дамыған мемлекеттерде 82 жас болады деп күтілуде.
2006 жылдың басындағы мәліметтер бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің халқы 279 миллион адамды құрайды.
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өткізілген ҚР Ұлттық санағының мәліметтері бойынша, ел халқының саны 16 млн. 402 мың адамға жетті. Республика аумағында 120-дан астам ұлт өкілдері (этностар мен этникалық топтар) тұрады.