Бүгін - Халықтың өсіп-өну күні

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін - Халықтың өсіп-өнуінің дүниежүзілік күні.

1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Басқарушылар кеңесі 11 шілдеде осы күнді атап өтуге ұсыныс жасады, өйткені 1987 жылғы 11 шілдеде Жер тұрғындарының саны 5 миллиард адамнан асты.

1990 жылдан бастап атап өтілетін бұл күннің мақсаты - халықтың өсіп-өнуі мәселелеріне, жалпы даму бағдарламаларына, жалпы мәселелердің шешімін іздеуге назар аударту.

2050 жылға қарай Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, Жер халқының саны 9 миллиардтан астам тұрғындарды құрамақ, соның ішінде 7,8 миллиарды дамушы елдерде өмір сүреді (қазіргі кезде - 5,3 миллиард). Ал, еуропалық нәсілдер мөлшері қысқарады, бұл туудың төмендеуімен ғана емес, этникаралық және нәсіларалық некелердің ұлғаюымен де түсіндіріледі.