Піл - ашық кеңістіктерді мекендейтін сүтқоректі ірі жануарлардың бірі. Олар тығыз қарым-қатынастары болатын үлкен жанұяларға бірігеді. Сондай-ақ пілдер бірқатар өңірлерде әлі де қолданылып келе жатқан үйретудің қатігез әдістерінен де жапа шегуде.
Хайуанаттар бағындағы пілдерді қорғау күні ресми атаулы күндердің қатарына енбейді. Бірақ бастамашылар тобы БҰҰ оны атаулы күндер күнтізбесіне ресми түрде енгізуін қалайды. Атап өткен жөн, Пілдерді қорғау күні 20 қыркүйекте де тойланады. Ол хайуанаттар бағындағы жануарлармен қатар әлемдегі барлық пілдерге арналған.