НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді. Биыл топ-дивизионда Қазақстан құрамасы да сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі.
Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франция.
Ал В тобында Финляндия, АҚШ, Чехия, Швеция, Латвия, Норвегия, Ұлыбритания және Австрия шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, биыл жаһандық дода 85 мәрте жалауын көтереді.
Әоем чемпионатындағы алғашқы ойында Германия мен Словакия құрамалары арасында өтеді.
Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Данияға қарсы өткізеді.
Қазақстандық хоккейшілердің бүкіл ойынын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.