Қазақстан құрамасы Германия, Дания, Украина, Франция және Норвегия командаларына қарсы ойнайды.
Кездесулер 14-20 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан хоккейшілері алғашқы матчта Германияға қарсы ойнамақ.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының (І дивизион) кестесі:
14 сәуір, 23:30 - Қазақстан-Германия
15 сәуір, 23:30 - Франция-Қазақстан
17 сәуір, 16:30 - Украина-Қазақстан
18 сәуір, 20:00 - Қазақстан-Норвегия
20 сәуір, 20:00 - Дания-Қазақстан
Кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.