Бүгін - Холи - бояулар мерекесі

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін - Холи - бояулар мерекесі. Индияның әсерлі мерекелерінің бірі, бенгал жаңа жылы.

Ақпан және наурыз айына келетін, Пхалгун айы толған күнінде атап өтілетін бұл мереке күні адамдар алаулар жағады, ән шырқайды, би билейді. Бұл мерекенің ең қызығы екінші күні басталады, барлық касталардың адамдары, барлық жастағы адамдар бір-біріне түрлі-түсті бояу ұнтақтарын шашады, боялған су құяды. Адамға қаншалықты көп бояу шашылса, оның атына соншалықта жақсы тілектер айтылған деп саналады. Кешке қарай адамдар бір-бірін қонаққа шақырады.