Оған одаққа мүше 27 мемлекеттік басшылары қатысады деп жоспарлануда. Загребтің орталық алаңында Еуроодақ президенті Херман Ван Ромпёй сөз сөйлемек. Іс-шаралар одақ белгілері орнатылған шекара бекеттерінен басталады. Хорватияның Словакия мен Венгрия елдерімен шектесетін аймақтарындағы кедендік бекеттер алынады. Мерекелік кеш от шашумен аяқталмақ. Айта кетейік, Хорватия Еуроодақ құрамына кіру туралы өтінішті 2003 жылы берген. Келіссөздер 2005 жылдан бастап жүргізілді, деп хабарлады 24.kz .
11:49, 30 Маусым 2013
Бүгін хорват елі Еуроодақ құрамына кіруін тойламақ
АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Хорватия 1 шілдеден бастап ресми түрде Еуропалық одаққа кіреді. Осы айтулы оқиғаға орай елде бүгін салтанатты шаралар өтпек.