Бүгін - Иммундаудың дүниежүзілік апталығы басталды
08:25, 24 Сәуір 2013
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Иммундаудың дүниежүзілік апталығы сәуірдің екінші жартысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өткізіледі.
Әу баста бұл іс-шара Иммундаудың Еуропалық апталығы деп аталды және сәйкесінше, Еуропа елдерін ғана қамтыды, кейіннен оған өзге құрлықтар да қосылды.
Апталықты өткізудің мақсаты - қоғамның назарын адамзатты инфекциялық аурулардан сақтауға мүмкіндік беретін басты алдын алу әдістерінің бірі ретінде иммундауға аударту. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отбасыларға өлімге алып келетін сырқаттарға қарсы балаларды міндетті егуді табанды түрде ұсынады.
Аталмыш Ұйымның мәліметтерінше, иммундау жыл сайын дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, мысқыл мен қызамықтан болуы мүмкін 2-ден 3 миллионға дейінгі өлім жағдайларын болдырмайды.