Бүгін Индонезия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні

АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздігін жариялаған күні (1945).

Индонезия - Оңтүстік-Шығыс Азияда Малайя архипелагының үлкен бөлігін алып жатқан мемлекет. Ел аумағы 17 508 аралдан тұрады. Халқының саны жағынан дүние жүзінде төртінші орында. Әкімшілік жағынан 27 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Джакарта қаласы. Мемлекеттік тілі - индонезия тілі, сонымен қатар 300-ге жуық тіл мен диалект қолданылады. Ақша бірлігі - рупи. Мемлекет басшысы - Президент. Ол Министрлер Кабинетін басқарады және Қарулы Күштердің бас қолбасшысы болып табылады. Жоғарғы заң шығарушы органы - Халықтық консультативтік конгресс.

Қазақстан Республикасы мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы 2 маусымда орнатылды.