«24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.
Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады», - делінген болатын Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Фото:akorda.kz