Бүгін - Қатерлі ісікке қарсы күрестің дүниежүзілік күні

АСТАНА. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Қатерлі ісікке қарсы күрестің дүниежүзілік күні.

Бұл атаулы күнді «Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күресу одағы» (Қатерлі ісікке қарсы одақ - UICC) жариялаған. Бұл халықаралық күннің мақсаты - қатерлі ісіктің қазіргі өркениеттің ең қауіпті ауруының бірі екендігі туралы хабардарлықты арттыру, осы кеселдің алдын алуға, анықтауға және емдеуге назар аудару.

Қатерлі ісік соңы өлімге әкеліп соғатын ауыр кесел болып табылады.