Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтөбе облысында - кей жерлерде бұрқасындатады, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Таяудағы тәуліктерде Сырдария өзенінде, республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында мұз қатуы әлсірейді, су деңгейі көтеріледі. Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде мұз қатуына байланысты су деңгейі құбылады. Қазақстанның батысындағы, солтүстігіндегі және орталық облыстарындағы су нысандарында қысқы режим сақталады.