Бүгін «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпаз балуаны анықталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 29 маусымда Астанадағы «Сарыарқа» велотрек аренасында қазақша күрестен «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сайсы өтеді.

Бұл айтулы доданың ашылуы рәсімі сағат 13:00-де басталып, осыдан кейін ел өңірлерінен келген 28 балуан күш сынасатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жеңімпазға 150 доллар көлеміндегі сыйақы мен чемпиондық белдік бұйырады.

Айта кетейік, бірнеше айдан бері еліміздің барлық өңірлерінде «Қазақстан барысы» турнирінің финалына іріктеу жарыстары өтті. Оның барысында әрбір облыстан мықты деген екі балуан анықталды.

«Қазақстан Барысының» финалына жолдама алған палуандар тізімі:

Ақмола облысы: 1. Нұрлан Жамалов (Бойы- 188 см; салмағы- 92 келі) 2. Леонид Станеев (Бойы- 178 см; салмағы: 82 келі)

Ақтөбе облысы: 1. Нұрсұлтан Иманғазин (Бойы-180 см; салмағы- 95 келі). 2. Рүстем Бурбаев (Бойы- 178 см; салмағы- 82 келі)

Алматы облысы: 1. Саят Шәмшиев (Бойы- 179 см; салмағы: 83 келі).

2. Айдос Қаңлыбаев (Бойы- 188 см; салмағы- 147 келі).

Атырау облысы: 1. Сұңғат Закариев (Бойы- 185 см; салмағы - 85 келі). 2. Бекболат Салықов (Бойы- 183 см; салмағы: 110 келі)

Батыс Қазақстан облысы: 1. Еділ Үсенов (Бойы- 181 см; салмағы-108 келі).

Жамбыл облысы: 1. Бейбіт Ыстыбаев (Бойы- 193 см; салмағы: 140 келі). 2. Дәулетхан Жақыпов (Бойы- 179 см; салмағы: 83 келі).

Қарағанды облысы: 1. Асыл Бәрменов (Бойы- 177; салмағы- 98 келі).

2. Бекзат Ахметбеков (Бойы-180; салмағы: 93 келі).

Қызылорда облысы: 1. Руслан Әбдіразақов (Бойы- 195 см; салмағы: 117 келі). 2. Айбек Серікбаев «(Бойы- 190 см; салмағы: 100 келі).

Маңғыстау облысы: 1. Мейрамбек Жаңабай (Бойы-177 см; салмағы-87 келі).

Солтүстік Қазақстан облысы: 1. Рүстем Жұмаев (Бойы- 198 см; салмағы- 135 келі). 2. Дәурен Еслямов (Бойы- 180 см; салмағы- 85 келі)

Павлодар облысы: 1. Дархан Жоламанов (Бойы- 179 см; салмағы: 101келі). 2. Батырхан Жүнісов (Бойы- 173 см; салмағы: 90 келі).

Оңтүстік Қазақстан облысы: 1. Жұманазар Ерсұлтанов (Бойы- 183 см; салмағы: 160 келі). 2. Сабыржан Әбілдаұлы (Бойы- 182 см; салмағы- 110 келі).

Шығыс Қазақстан облысы: 1. Айбек Нұғымаров (Бойы: 189 см; салмағы: 138 келі). 2. Мұхит Тұрсынов (Бойы- 185 см; салмағы- 95 келі). 3. Шалқар Жоламанов (Бойы-174 см; салмағы- 107 келі).

Алматы қаласы: 1. Арслан Әбдамит (Бойы- 185 см; салмағы- 100 келі). 2. Бақыт Ысмағұлов (Бойы- 183 см; салмағы: 120 келі).

Астана қаласы: 1. Арман Әбеуов (Бойы-190 см; салмағы- 120 келі).