деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Марат Оспанов 1949 жылы қыркүйектің 17-сі күні Ақтөбе қаласында туған. 1971 жылы Мәскеудегі В.Г.Плеханов атындағы Халық шаруашылық институтын бітірген.
Қазақстанның кәсіби Парламентінің керегесін керіп, уығын қадаған, биліктің бір тармағы ретінде рөлін арттырған Марат Оспанов Қазақстан парламентаризмін қалыптастыруға көп еңбек сіңірген. Белгілі экономист-ғалым, «Нұр Отан» партиясының тұңғыш іргетасын қалаушылардың бірі әрі тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаттағы адал серігі бола білді.