Қазақстан Республикасының астанасы күні 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы қазанның 20-сында астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды.
1998 жылы мамырдың 6-сында Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.
07:47, 06 Шілде 2019
Бүгін - Қазақстан Республикасы астанасының күні
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандықтар елордамыз - Нұр-Сұлтан қаласы күнін атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.