Бүгін - Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызмет күні

None
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін - Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызмет күні.

1918 жылы 17 сәуірде жас Кеңестік мемлекет «Отқа қарсы күрестің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» декретке қол қойды. Аталмыш датаны Қазақстан Республикасында және бұрынғы КСРО мемлекеттерінде (1994 жылдан бері РФ-да 30 сәуір күні атап өтіледі) өртке қарсы қызметті ұйымдастыру күні ретінде атап өту қалыптасқан. Бүгінгі таңда еліміздегі өртке қарсы қызмет құрылымдарында 13 мыңнан астам маман еңбектенеді. Өртке қарсы құрылымдардың еншісінде 3 мыңға жуық негізгі және арнайы көліктер мен басқа да өрт сөндіру құрылғылары бар.