1992 жылғы тамыздың 18-індегі Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды.
Шекара қызметінің басты міндеттеріне:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын, оның мемлекеттік шекарадағы аумақтық тұтастығы мен экономикалық мүдделерін күзету және қорғау;
Республиканың мемлекеттік шекара туралы заңдарын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік шекараның режімдері мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен келісімдерден шығатын міндеттерді орындау;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарадағы қорғанысы мен қауіпсіздігі міндеттерін орындауға қатысу;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарының шекара сызығындағы азаматтар, табиғат байлықтары мен қоршаған ортаны қорғауға көмектесу жатады.