Бүгін Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты жаңа ток-шоудың тұсауы кесіледі

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - 9 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты жаңа ток-шоудың тұсауы кесіледі, деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы. Жаңа жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т.б. мәселелер көтеріледі.

«Әйел бақыты» тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - көрермендер тікелей эфир кезінде және одан тыс уақытта да өз суалдарын телефон немесе электронды почта арқылы жолдай алады. Ток-шоудың тұсаукесер саны «Арманым адастырмаса екен» деп аталады. Алғашқы бағдарлама жар таңдауда жаңылмаудың маңызы жайлы болмақ. Ток-шоудың жүргізушілері - Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі.

9 қыркүйекте сағат 14.55-те «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Әйел бақыты» атты ток-шоуды тамашалап, тікелей эфирде сұрақ қоюға шақырамыз.