Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде желдің екпіні 15-22 м/с-ке дейін күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, түнде кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді деп күтілуде.
Атырау облысында кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысында кей жерлерде бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын болады, желдің күші - 15-20 м/с, түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріледі, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.