Бүгін Қазақстанда Еңбек күнін атап өтеді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда Еңбек күнін атап өтеді. 2013 жылы 22 қараашада Елбасының Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі - Еңбек күні болып жарияланғаны белгілі.

Бұл мейрам Мемлекет басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру тапсырмасы аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру, өндірістік қызметкерлерді ынталандыру, жұмысшы мамандықтарын насихаттау арқылы жастардың жұмысшы кәсібіне деген қызығушылығын оятуды көздейді. Көпжылдық еңбек дәстүрлерін сақтап, нығайту мақсатында өз ісінің нағыз маманы болған, қарапайым жұмысшылықты отбасылық кәсіпке айналдырған еңбек майталмандарын ұлықтау да осы күні жүзеге асырылады.   

 

 Бұл күнге арналған мерекелік шаралар Қазақстанның барлық облыстарында, Астана, Алматы қалаларында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар