Атап айтсақ, Ақмола облысында түнде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде түнде тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз жел шаңды дауылмен бірге көтеріледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық болатыны күтіледі.
Сонымен қатар, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.