Бүгін Қазақстанда жел күшейіп, көктайғақ болады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның басым бөлігінде  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батысында, оңтүстік-батысында және де шығысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты  жауын-шашынды ауа райы сақталмақ.

Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, шығысында бұрқасын  күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау,  Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, түнде және таңертең тұман, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.  

Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар