Кезектен тыс сайлау барысын халықаралық ұйымдардан және шет мемлекеттерден 1024 аккредиттелген байқаушы бақылайды.
«Бүгінгі таңда бізде 9 741 сайлау учаскесі сайлауға толық дайын. Олар кадрлық, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілді. Сайлаушылардың тізімі түзілді. Мұның барлығы жасалды және біз сайлаушылардың өзінің сайлау құқығын жүзеге асыруы үшін дайынбыз», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Республика бойынша таңғы сағат 7.00-де барлық сайлау учаскелері ашылады.
ҚР Президенті сайлауының алдын ала қорытындысы 27 сәуірде жарияланады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиялары 12 сағаттың ішінде дауыстарды санауға міндетті. Осыдан кейін құжаттар аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіліп, әрбір сайлау комиссиясы деңгейінде дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша сәйкесінше хаттама жасалады. Ал 7 күннің ішінде сайлаудың соңғы қорытындысы шығарылады.