Бүгін Қазақстанның 1 ғана қаласында қолайсыз метеорлогиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыздың 6-сы күнің Қазақстанның 1 ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2021 жылғы 6 тамызда Петропавл қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.