Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2021 жылғы 16 қарашада Нұр-Сұлтан, Алматы және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.