Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2022 жылғы 25 наурызда Ақтөбе, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,-делінген хабарламада.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.