Бүгін Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 1 наурыз күні Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Астана, Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе және Қостанай қалаларында метеожағдайлар ауада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.  

Ал Алматы, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Қызылорда, Ақсай, Орал, Өскемен, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз және Шымкент қалаларында керісінше, ластаушы заттар атмосферада ыдырайды.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайға (ҚМЖ) болжамдар жарияланады.

ҚМЖ  -  атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Фото: fyi.uwex.edu