Бүгін Қазақстанның 5 қаласында жайсыз ауа райы қалыптасады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 қазан күні Қазақстанның 5 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылдың 8 қазанында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларында жайсыз ауа райы ауа райы қалыптасады, яғни ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.