2022 жылғы 8 ақпанда Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Нұр-сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Риддер (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі) және Өскемен (2-дәрежелі) қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.