тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн бұлттанып, қар жауады.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде - бұрқасын, желдің екпіні - 17-22 м/с, түнде және күндіз тұман болады.
Қызылорда және Маңғыстау облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатып, секундына 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысының кей жерлерінде де 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, 17-22 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25-ке жетуі ықтимал.
Алматы облысында - кей жерлерінде тұман, көктайғақ, секундына 18-23 мерт жылдамдықта жел тұрады. Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 22-27 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 30-ға жетуі мүмкін.