Бүгін Қазақстанның басым аумағына антициклон тарамдарының ықпалы сақталады - Қазгидромет

СТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, қазанның 26-сы күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына антициклон тарамдарының ықпалы сақталады.

Мәселен, түнде және күндіз Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман болады деп күтілуде.

Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында 18-23 м/с жылдамдықта жел болады, оның екпіні кей уақыттары секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның сулы нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.