Республиканың тек шеткері оңтүстік-шығысына атмосфералық ағымдар әсер етеді. Мұнда жекелеген жерлерде қар, тұман, күшті жел болады деп күтілуде.
Мәселен, Павлодар, түнде Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей аумақтарында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын күтілуде.
Жамбыл облысының кей аумақтарында - тұман, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысында -25 градусқа дейін қатты аяз болуы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарының кей жерлерінде де ауаның температурасы күрт төмендеп, 28 градусқа дейін суықты болады.