Мәселен, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және күндіз Қостанай облыстарында желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Қызылорда облысында - шаңды боран, ал Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде түнде тұман болжануда.
Сондай-ақ «Қазгидромет», бүгін Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облысының кей аумақтарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау және Батыс Қазақстан өңірлерінде 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталатынын ескертіп отыр.