Бүгін Қазақстанның басым аумағында аздаған жаңбыр, жел мен найзағай болады, жекелеген өңірлерде аптап ыстықтар сақталады

None
АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін шілденің 1-і күні Қазақстанның басым аумағы, өзімен бірге аздаған жаңбыр, жел мен найзағай алып келетін - атмосфералық ағымдар ықпалында болады.

Ал республиканың оңтүстік бөлігінде ауа райының қысымы тым жоғары болады деп күтілуде.

Мәселен, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, күндіз Атырау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген өңірлерінде желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін күшейеді деп болжануда. Қызылорда мен Қостанай облыстарында желмен бірге шаңды боран көтеріледі.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей аумақтарында аптап ыстықтар күтілуде.

Сондай-ақ «Қазгидромет» мәлім еткендей, бүгін Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде және Қостанай облысында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталады.