Бұл туралы «Қазгидромет» қызметінен хабарлады. Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қостанай облысында түнде және күндіз тұман түсуі ықтимал. Алматы облысында түнде жекелеген өңірлерде тұман, күндіз Жалаңашкөл аумағында 15-20 м/с күшпен жел соғады. Жамбыл, Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарында - тұманды. Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел тұрады. Қызылорда облысының кей жерлерінде сондай-ақ, желді, оның күші секундына 15-20 метрді құрайтын болады. Ал Шығыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын жүреді.
07:34, 17 Қараша 2011
Бүгін Қазақстанның басым аумағында қар араласқан жауын, бұрқасын, ұйытқыма жел мен тұман күтілуде
ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін, 17 қараша күні атмосфералық ағым бөліктерінің ықпал етуімен Қазақстанның басым аумағында жауын жауып, бұрқасындатады, ұйытқыма жел мен тұман күтілуде.