Республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын молынан жауып, жел күшейеді. Жекелеген аудандарды тұман басып, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аумақтарында желдің жылдамдығы артып, оның екпіні секундына 15-22 метрді құрайтын болады. Сондай-ақ аталмыш өңірлерде тұмен мен көктайғақ болжануда.
Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі сулы нысандарда су бетінің сууы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбырға байланысты су көлемінің артуы ықтимал. Ал елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқуы күтілуде.