Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасындатып, 17-22 м/с екпінде жел соғады деп болжануда. Жарма ауданында желдің күші секундына 25 метрге жетуі ықтимал.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Түнде Қарағанды облысында - бұрқасын, тұман, 15-20 м/с күшпен жел соғады.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының жекелеген аумақтарында тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін көтерілуі ықтимал.
Алматы облысында тұман, түнде Жалаңашакөл аумағында секундына 20-25, кей уақыттары 30 метрге дейін жел көтеріледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында - тұман, түнде 18 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Батыс Қазақстан облысында, сондай-ақ тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші 18 метрді құрайды.
Маңғыстау облысында күндіз 18 м/с екпінде жел болады.
Қостанай облысында желдің күші секундына 18 метрге дейін күшейіп, түнде кей аумақтарында бұрқасындатады.