Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болып, күшті жел тұрады күтілуде

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 2 сәуірде Қазақстанның басым аумағы жауын-шашын мен күшті жел алып келетін атмосфералық ағымдардың ықпалында болады.

Атап айтқанда, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, түнде Қостанай, күндіз Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының кей жерлерінде секундына 15-23 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарына тұман түседі.

Ақтөбе облысында тұманмен бірге көктайғақ болжануда.

Қарағанды облысында сондай-ақ тұманды, көктайғақ пен 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.

Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлеріне тұман түсіп, секундына 15-20 метр күшпен жел соғуы ықтимал.