Бүгін Қазақстанның басым аймағы антициклонның ықпалында болады - Қазгидромет

СТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, мамырдың 7-сі күні Қазақстанның басым аймағы антициклонның ықпалында болады,

республиканың тек оңтүстіктегі шеткері және батыс өңірлеріне атмосфералық ағымдар әсер етпек. Бұл жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай мен ұйтқымалы желдер күтілуде.

Сондай-ақ, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Павлодар мен күндіз Ақтөбе облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.