Циклон өңірге жауындар мен күшті желдер алып келеді деп күтілуде.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және күндіз Павлодар облыстарының кей аумақтарында желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарының жекелеген өңірлерінде шаңды боран тұрып, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғуы ықтимал.
Ал Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады деп болжануда.