Бүгін Қазақстанның басым аймағында бұрқасындатып, жел тұрады - Қазгидромет

СТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, наурыздың 10-ы күні Қазақстанның басым аумағы атмосфералық ағымдар бөліктерімен байланысты циклонның ықпалында болады.

Мәселен, Павлодар облысында бұрқасындатып, батыстан секундына 15-20, кей уақыттары 25 м/с жылдамдықпен жел тұрады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде - бұрқасындатып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында бұрқасын, көктайғақ болады деп болжануда, 18-23 м/с жылдамдықта соққан желдің екпіні түнде Жарма ауданында 25-30-ға дейін жетуі ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан облысында - тұман, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Қызылорда, және Ақмола облыстарының кей өңірлерінде - көктайғақ, 15-20 м/с-пен жел соғады. Ақмола облысының жекелеген аумақтарында бұрқасындатып, тұман түседі.

Маңғыстау, Жамбыл, күндіз және түнде Алматы облыстарын тұман басып, желдің күші 15-20 м/с болады деп күтілуде.