Бүгін Қазақстанның басым аймағында күн ыстық болады - Қазгидромет
ал республиканың солтүстік-батыс және шығыс өңірлеріне атмосфералық ағымдар әсер етеді.
Мәселен, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді болжануда. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аумақтарында желдің күші секундына - 15-22 метрді құрамақ.
Ал Маңғыстау мен Атырау облыстарының жекелеген өңірлерінде аптап ыстық күтілуде. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмоланың кей жерлерінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында күн ыстық болады.
Сонымен қатар «Қазгидромет» бүгін, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы және Жамбыл облыстарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі сақталатынын ескертті.