Бүгін Қазақстанның басым аймағында жауын-шашын мен күшті желдер күтілуде, жекелеген өңірлерде аптап ыстық сақталады

None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат - Қазгидрометтің болжауынша бүгін, шілденің 2-сі күні Қазақстанның басым аймағы өзімен бірге аздаған жаңбыр, найзағай мен күшті жел алып келетін - атмосфералық ағымдар ықпалында болады.

Республиканың оңтүстігіндегі ауа райында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, түнде Қостанай, күндіз Маңғыстау облыстарының жекелеген жерлерінде желдің екпіні секундына 15-22 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Ал Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 15-20 м/с күшпен соғатын желге шаңды боран араласады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облысының кейбір аумақтарында, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарында аптап ыстық болады.

Сондай-ақ Қазгидромет жұма күні, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстанның кей аумақтарында, Қостанай, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан аймақтарында 5-ші дәрежелі өрт қаупі болатынын ескертеді.