Бүгін Қазақстанның басым аймағының ауа райын антициклон анықтайды - Қазгидромет
08:10, 02 Сәуір 2010
СТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, сәуірдің 2-сі күні республиканың оңтүстігі мен солтүстік-шығысындағы шеткері өңірлеріне циклон ықпал етеді.
Ал Қазақстанның басым аймағының ауа райын антициклон анықтайды.
Мәселен, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің екпіні 23-28, кей уақыттары 30 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында - кей жерлерде тұман, Ақмола облысының кей өңірлерінде - көктайғақ, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында - тұман, секундына 15-20 жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ көктайғақ болады деп болжанып отыр.