Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста кей жерлерде жауын жауады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.