Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, шаңды дауыл тұрады.
Атырау облысының кей жерлерінде жылдамдығы 15-22 м/с жел тұрады. Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде минус 2 градусқа дейін күн суытып, үсік жүреді. Ақтөбе облысында жоғарғы өрт қаупі сақталады.