Солтүстік-батыс антициклонының екпіні Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де өз ықпалын сақтайды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі, елдің оңтүстігі мен шығысында жел күшейеді.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның үш облысында дауылды ауа райы болады деп хабарлаған болатын.